Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

  • 692
  • UPD: 22:00, 17.03.2019
Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды BNews.kz

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгте өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды. «Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy - «Азиялық Оскар» саналады. Азия киноакадмиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген.  «Бұл – өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», - дейді министр.  Еске сала кетсек, Самал Еслямова былтыр 71 Канн кинофестивалінде өз аталымы бойынша үздік деп танылған болатын. Актриса ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Жуырда Астанада «Айка» фильмінің тұсаукесері өткен болатын.

Сонымен қатар Самал Еслямова түскен «Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы