379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да науқастың диагнозын компьютер анықтайды

  • 180
  • UPD: 08:59, 18.03.2019

Петропавлдық дәрігерлер Қазақстанда бірінші болып жасанды сана жүйесін енгізді. Облыстық ауруханада өкпе патологиясын дәл көрсететін бағдарлама іске қосылды. Енді рентген түсірілімін адам емес, компьютер анықтайды.

Анна Голубева жасанды сана жүйесін бүге–шүгесіне дейін біледі. Дәрігер бір жыл бойы 6 мың рентген түсірілімін қарап шығып, жиі кездесетін 9 ауру белгісін анықтады. Енді нақты диагнозды компьютер қояды. 

Анна Голубева, сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі:

- Мысалы, мына бір түсірілімде өкпедегі сары су 98 процент. Ол ультрадыбысты зерттеу кезінде расталды. Ал дәрігер оны көрмеуі де мүмкін еді.

Бұл Қазақстан медицинасына енгізілген бірінші бағдарлама. Цифрландырылған түсірілім дәрігердің компьютеріне бірден түседі. Яғни адам қателігіне жол жоқ.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:

- Әр емдеу мекемесінде рентгенолог бар деп айта алмаймын. Мысалы, біздің облыстық ауруханада да маман кешкі, түнгі уақытта немесе демалыс күндері болмайды. Ал кезекші дәрігер сәулелік диагностиканы білмеуі мүмкін. Енді, бұл мәселе шешілді.

Жасанды сана жүйесін жасауға бірде-бір тиын ақша кетпепті. Бұл дәрігерлер мен IT мамандарының бірлескен жобасы. Енді ол науқастарды қабылдау бөлмесіне де енгізіледі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы