377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері Жайық өзенінен 4,3 тонна өлі балық жиналды

  • 180
  • UPD: 09:00, 18.03.2019

Демалыс күндері Атырау обылсында Жайық өзенін балық өлекселерінен тазарту шарасы кешенді түрде жүргізілді.

Оған 2 жарым мың адам мен жүздеген техника жұмылдырылды. Нәтижесінде еріктілер 4,3 тонна өлі балық жинады. Сондай-ақ Жайық өзенін сауықтыру мақсатында өзен экологиясын зерттеу жұмыстары басталады. Осы орайда жергілікті бюджеттен 80 миллион теңге қаржы қаралған. Жоба Жайық-Каспий бассейніндегі балық қорын толықтырудың жолдарын зерделейді. Оған отандық және шетелдік ғылыми зерттеу институтттары қатыса алады. Естеріңізіге сала кетсек, өткен желтоқсан-қаңтар айларында Атырау облысындағы су айдынында балықтар жаппай қырылды. Қазір осы өлекселерді жою жұмыстары жүргзіліп жатыр. Енді Жайық өзенінінң 50 шақырымдық аумағын толықтай тазарту жұмыстары апта сайын ұйымдастырылатын болады.

Рүстембек Қорқытов, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

- Сең сөгілісімен біздер Жайық өзенін балық өлекселерінен тазарту жұмысын тұрақты ұйымдастырып келеміз. Бұл жұмыс жалғаса береді. Басты мақсат: өлі балықтардың  ортақ теңіз Каспийге өтіп кетуіне жол бермеу. Шараға облыстағы барлық табиғат пайдаланушылар мен еріктілер, мемлекеттік мекемелер тартылған.

Хабар 24 телеарнасы