389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда халық шаңғы базасын тегін аралай алады

  • 589
  • UPD: 09:27, 18.03.2019

Бурабайда былтыр ғана іске қосылған республикалық шаңғы базасын енді қарапайым халық жексенбі күні тегін аралай алады.

Одан бөлек, мұнда басқа күндері ақылы қызметтер де ұсынылады. Айталық, нысан жыл басынан бері 2 мыңнан астам адамды қабылдаған. Олар мұнда қырдан сырғанап, шаңғы тебуге, биіктігі 125 метрлік трамплинді және 100 гектардан астам аумақты алып жатқан ірі кешенді тамашалауға мүмкіндік алады. Бастысы, тұрғындар, даңқты спортшылардың жаттығулары мен байрақты бәсекелерді өз көзімен көреді. Енді алдағы уақытта мұнда қызмет түрлері де көбейеді. Жалпы ймақта қазір 2300-ден астам спорт нысаны бар. Олардың көпшілігі халықтың жаттығуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып отыр. 

Алмас Кекубаев, республикалық олимпиадалық дайындық орталығы директорының орынбасары:

- Енді жазды алатын болсақ, сіздер білесіздер бұл аймақтың ауа райын, табиғатын қандай екенін білесіздер. Сондықтан енді кісі саны жазда да көбеймесе, азаймайды. Мына спорткомплекстен басқа қарапайым халық келіп, мұнда велосипед тебетін мүмкіндік болатын шығар деп отырмыз. Осы бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы