379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 65 ауыл медициналық көмек көрсету нысанына зәру

  • 201
  • UPD: 10:01, 18.03.2019
Жамбыл облысында 65 ауыл медициналық көмек көрсету нысанына зәру

Жамбыл облысында заманауи алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарына зәру 65 елді мекен бар.

Тіпті мұндай медициналық нысандар мүлдем жоқ ауылдар да тіркелген. Өзекті  мәселені шешу үшін өңірде 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Қазір жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ. Жоспар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Мамандар бұл әлдеқайда тиімді деп отыр. Сондай-ақ, Тараз қаласында жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы жобаның құны 13,9 миллиард теңге. Оның биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 милиардтан астам қаржы бөлінген.

Мадияр Байымбетов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Жекеменшік әріптестік аясында іске асыру кезінде біршара қаржыны үнемдеуге алып келеді. Медициналық тіректік құрылысын бюджет есебінен салу кезінде жалпы 50 миллионнан жоғары құнды құраған. Осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20-25 миллион теңгенің төңірегінде қаржы жұмсалып отыр.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жол картасы бойынша былтыр біз 39 нысан алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік. Оның ішінде 30-ы жекеменшік-әріптестік аясында. 2020 жылы 25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 10 пайызды қамтитын болады.

Хабар 24 телеарнасы