379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтанов көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған 13 әлеуметтік шараны ұсынды

  • 498
  • UPD: 15:49, 18.03.2019

Астана әкімдігі көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған нақты 13 әлеуметтік шараны іске асыруды бастады.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әкімдік отырысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған нақты 13 әлеуметтік шараны ұсынды:
1. Тұрғын үй көмегі орташа есеппен 18 % арттырылды. 2 мың отбасы коммуналдық қызметтерін төлеуге көмек алады (34 млн теңге).
2. 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күтушілер тегін жолақысымен қаттамасыз етіледі (1,3 млрд теңге).
3. Үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек 25 мың теңгеге дейін (6,5 АЕК-тен 10 АЕК) өсті.
4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тегін техникалық және кәсіби білім алуға қолдау көрсетіледі (2986 адамға 1,5 млрд теңге бөлінді).
5. Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 2 мың тұрғын үй сертифакатын беру үшін 2 млрд. теңге қарастырылды.


«Біз аталған шаралар жиынтығын бұдан әрі кеңейтетін боламыз. Бұл үшін бюджетті оңтайландырып, үнемделген қаржыны әлеуметтік салаға жұмсаймыз. Осы орайда, алдағы бюджетті нақтылау аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын 8 қосымша әлеуметтік шара қарастырылсын», - деді Б.Сұлтанов.

Атап айтқанда:


1. Көп балалы отбасылардың балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жол жүру беріледі. Бұл көмекті 36 мың адам алады. Осы қолдауға бюджеттен 208 млн теңге қарастырылады;
2. 1-11 сыныптарда оқитын көп балалы отбасылардың балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады. Осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн теңге бөлінеді;
3. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады (10 мың балаға 500 млн. теңге бөлінеді);
4. Осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құралдармен тегін қамтамасыз етіледі (32 мың балаға 638 млн теңге бөлінеді);
5. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ мүгедек балалар балабақшаға тегін орналастырылады. Осы арқылы ата-аналардың жұмысқа тұруына, отбасының табысын арттыруына жағдай жасалады. Бюджеттен 3,8 мың баланы қамту үшін 513 млн теңге қарастырылады;
6. Көп балалы отбасынан шыққан 180 балаға елордалық жоғары оқу орнында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға арнайы гранттар беріледі (25 млн теңге, жылына 500 мың теңге);
7. Көп балалы аналарға тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі (санация, протездеу). Бұл көмекпен 10 мың адам қамту үшін 404 млн. теңге бөлінеді;
8. Бюджет нақтыланғаннан кейін көп балалы отбасылар қатты отын (көмір) алу үшін әлеуметтік көмек алушылар санатына қосылады (1000 отбасына 26,3 млн теңге бөлінеді).

Хабар 24 телеарнасы