379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде онколог дәрігерлер жетіспейді

  • 189
  • UPD: 13:32, 18.03.2019
Елімізде онколог дәрігерлер жетіспейді

Елімізде 181 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Олардың 60 пайызы еңбекке жарамды азаматтар.

Ал өткен жылы онкологиялық аурудан өлгендер саны 14 мыңға жетті. Бұл жантүршігерлік көрсеткіштер Парламент Мәжілісінде айтылды. Депуттатар жағдайға алаңдаушылық танытып онымен күрес мәселелерін талқылаған болатын. Әсіресе ерте сатыда емдеуге қатысты қосымша қаржы қарастыру мен мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері сөз болды. Онкологиялық ауруларды ерте сатыда емдеу бойынша біздегі көрсеткіш дамыған елдерге қарағанда 3 есе төмен екен. Оған себеп дәрілердің қымбаттығы, құралдардың жетіспеушілігі және арнайы мамандардың тапшылығы. Әсіресе балалар онкологы мен онкохирургтар қажеттігі анық байқалады. Енді бұл мәселелер 2018-2020 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес  жөніндегі кешенді жоспар аясында шешілмек.

Хабар 24 телеарнасы