379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көп балалы аналар үшін бөлек баспана кезегі құрылады

  • 419
  • UPD: 15:45, 18.03.2019

Астанада аналармен кездескен еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осылай  деп мәлімдеді.

Айта кету керек, кездесуге білім және ғылым министрі мен денсаулық сақтау вице-министрі  қатысты. Қалалық «Нұр Отан» партиясының аядай бөлмесіне жиналған аналар көп болды, оларды толғандырған  мәселе одан да үлкен, өзекті. Көбінің баспанасы жоқ, тіпті қала тұрғыны ретінде тіркеле алмағандары  да бар. Нәтижесінде ешқандай әлеуметтік бағдарламаға ілікпеген, тиісті жәрдемді де ала алмай отыр.

Гүлшат Баяделова, көп балалы ана:

- Қостанай облысынан келгенмін. Қазір Астанада қаңғырып жүргеніме 15 жыл болды. 10 баланың анасымын.  Времянкада пеш жағып, күйе-күйе болып отырмын қазір. Пропискам жоқ. Он баламен ешкім отырғыза бермейді ғой қайта-қайта. Үйдің кезегіне тұра алмай жүрмін.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Тұрақты тіркеуге тұру мәселесі бар. Қазір ішкі істер министрлігі бұл мәселемен айналысып жатыр. Шешімін тез табуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы