376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтардың салық бойынша қарызы 200 млн теңгеден асқан

  • 196
  • UPD: 15:40, 18.03.2019
Қостанайлықтардың салық бойынша қарызы 200 млн теңгеден асқан

Қостанайлықтардың жер, жылжымайтын мүлік және көлік үшін салық қарызы 200 млн теңгеден асып түскен.

Осы ретте ұйымдастырылған арнайы рейд барысында борышкерлердің темір тұлпарлары тәркіленді. Қала тұрғыны Константин Горобчуктың мемлекет алдындағы өтелмеген берешегі 230 мың теңге. Айтуынша, тұрақты жұмысы, табыс көзі болмаған. Ол сот орындаушылардың барлық құжаттарымен танысып көлік қарызын тез арада өтейтінін айтты. Дегенмен, оның темір тұлпары айып тұрағына қойылды. Берешек сомасы толық өтелмейінше борышкердің оны қайтарып алуға еш құқығы жоқ. Бүгінде қала бойынша сот орындаушылардың құзырына 160 миллион теңгеге жуық 3 мыңдай іс берілген. Олардың күшімен 2,3 миллион теңге қарыз қайтарылған.    

Қанат Сәбиев, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- Қостанайлықтарға салықты дер кезінде төлеуге шақырамыз. Борышкерлердің үйлеріне келмей жатып, тиісті берешек соманы қайтару туралы ескертпе қағаздар барлығына осыдан бір ай бұрын жіберілген. Алайда, тиісті нәтиже шықпай жатыр. Енді сот шешіміне жүгініп, қатаң шараларды қолдануға тура келді.

Хабар 24 телеарнасы