389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Халыққа көмек» жобасы басталды

  • 1595
  • UPD: 23:35, 18.03.2019

Nur Otan партиясының XVIII съезінен кейін жергілікті қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3 мыңға жуық азамат хабарласқан, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Олардың шамамен тең жартысына көмек көрсетілді. Шағымдардың көш басын баспана мәселесі бастап тұрғаны белгілі болды. Артынша еңбек дауы мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесі өзекті.

Ресми түрде жұмысы бүгін басталған «Халыққа көмек» әлеуметтік жобасының әлеуеті мен халыққа деген шарапаты мол болуы керек. Осы мақсатта қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі пайдалы шешу үшін әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларға талдау жасалып, мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясының өкілдері хабарлады.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Біздің азаматтарымыз телефон арқылы, E-mail арқылы немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, сондай-ақ WhatsApp арқылы немесе egov.kz бар, і-Көмек бар, осындай жүйелер арқылы да біздің партиямызға өздерінің өтініштерін жіберуге мүмкіндіктері бар. Осы жолдармен келген барлық өтініштерді де біз мұқият қарайтын боламыз.

Сонымен, Nur Otan партиясына қалай өтініш жолдауға болады? Қоғамдық қабылдауға қатысу немесе мына электрондық мекенжайға өту, өтінішті кәдімгі немесе электронды пошта арқылы жолдау, партия сайтында онлайн өтініш қалдыру, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш жолдау, партияның колл-орталығына қоңырау шалу, WhatsApp немесе Facebook арқылы жазу және і-Көмек бірыңғай байланыс орталығы арқылы шығу.

Бақыт Темірова, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:

- «Халыққа көмек» жобасының «Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі» өз жұмысын бастады. Осыған байланысты елдегі 230-дан астам қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі толық жаңғыртылады. Оның ішінде цифрлық технологияға баса мән беріледі. Жоба қолға алынғалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгінген 3 мың азаматтың мыңға жуығын баспана мәселесі алаңдатады.

Сондай-ақ жұмысқа орналасудағы кедергілер туралы 233 адам шағымданған. Балаларды оқыту сұрағы жөнінде 90-ға жуық өтініш келіп түсті. Балғындарды емдеу және мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сапасын арттыру мақсатымен 120 азамат хабарласыпты. Ал өткен жылы елдегі қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жалпы 140 мыңнан астам азамат өз өтініштерін жолдаған. Оның 40 проценті оңтайлы шешілді. Ең өзекті мәселелерге халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде: зейнетақы алу, алимент өндіру, мүгедектікті анықтау, өзге де материалдық көмек сұрақтары енсе, екінші орында – жұмыс мәселесі. Атап айтсақ, жалақы алу туралы еңбек даулары. Артынша әр азаматқа тиесілі жер телімін беру мерзімінің ұзарып кетуі сынды шағымдар бар.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы