379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарды қолдаудың Жол картасы таныстырылды

  • 210
  • UPD: 23:35, 18.03.2019
Жастарды қолдаудың Жол картасы таныстырылды

Жастар жылында жүзеге асырылатын жұмыстардың Жол картасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама негізгі 4 бағыт пен 84 тармақтан тұрады. Кәсіпкерлікпен шұғылдануы үшін жас буынға биылдан бастап несие беріледі. Тың жобаларды қолға алған жастар тегін оқытылады. Баспана алуға да жағдай жасалмақ. Айталық, биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша мың пәтер салынып, пайдалануға беріледі. Жұмыс істейтін жастар бұл үйлерді сатып алу құқығынсыз 3 жыл бойы жалдап тұра алады.

Асхат Оралов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Жалдамалы пәтерге ие болудың негізгі қағидасы – азамат 29 жастан аспауы тиіс. Міндетті түрде жұмыс істеуі қажет. Бағдарламаға заңды түрде еңбек ететін кез келген жас қатыса алады. Бұл – әзірге пилоттық жоба. Нәтижесін көрсетіп жатса, жастарға арналған жалдамалы пәтерлер тек ірі 3 қалада емес, еліміздің өзге де өңірлерінде салынады.

Хабар 24 телеарнасы