379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде су тасқынының алдын алуға 206 млн теңге бөлінді

  • 142
  • UPD: 23:35, 18.03.2019
Ақтөбеде су тасқынының алдын алуға 206 млн теңге бөлінді

Бұл қаражат көшелерге жиналатын лайды сорумен қатар арықтарды жиналған қоқыс пен қардан тазартуға жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар қауіпті деген бау-бақша аймақтарын аралап, тиісті ескерту жұмыстарын жүргізген. Ал өткен жылдан бері шаһар маңындағы 8 өзеннің арнасы бекітіліп, тазарту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай бола қалса, қажетті техникалар әзір тұр. Дегенмен мамандар биыл Ақтөбе қаласына судан қауіп жоқ екенін айтады.

Бекболат Нұрашев, қала әкімі аппаратының төтенше жағдай бөлімінің басшысы:

- Ақтөбе қаласында ешқандай су тасқынына қауіп жоқ. Бақылауда ұстап отырмыз. «Қазгидрометтің» айтуынша, қазір ауа райына байланысты биылғы түскен қардың көлемі нормадан төмен. Және судың да су қоймаларына келуі бәсеңдеу.

Хабар 24 телеарнасы