379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 88 елді мекенді су басу қаупі бар

  • 111
  • UPD: 23:34, 18.03.2019
БҚО-да 88 елді мекенді су басу қаупі бар

Биыл қар мол түскен аймақтың бірі – Батыс Қазақстан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 88 елді мекенді су басу қаупі бар. «Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, Деркөл өзеніндегі судың көлемі осы көктемде 258 миллион текше метрге жетуі ықтимал. Бұл қалыпты мөлшерден 100 миллион текше метрге көп. Ал Шаған өзеніндегі көп жылғы көрсеткіш 360 миллион текше метр болса, биылғы болжам 600 миллионнан асады. Жайық өзенінің жоғарғы жағында да қар көп. Қазір құтқарушылар Орал қаласының төңірегінде және Тасқала, Бәйтерек аудандарында мұз кесіп жатыр. Бұл өзендегі судың арнадан асып-тасып кетпеуі үшін қажет.

Жасұлан Жұмашев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- 167 мың шаршы метр өзенді мұздан тазарттық. Содан кейін 19 мың 520 ойық шығардық. Орал қаласының айналасында 18 бекетіміз бар. 18 учаскеде жұмыстарды бітіріп, енді Бәйтерек ауданында Зеленый деген ауыл бар. Соның қасында көпір тұр. Сол көпірдің жанындағы бүкіл су тасқыны кезінде қыстырылып, мұздың бәрі тұрып қалмау үшін біз соның бәрін кесіп, бүкіл көпірдің астындағы мұздан өзеннің арнасын босатып жатырмыз.

Авторы: Ерденбек Жылқыайдар

Хабар 24 телеарнасы