378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Цифрлық жаз-2019» бағдарламасының екінші толқыны өтіп жатыр

  • 207
  • UPD: 09:56, 19.03.2019

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Цифрлық жаз-2019» тағылымдама бағдарламасының екінші толқынын іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оның талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілген. Мәселен, былтыр бағдарламаға тек қолында дипломы бар жастар ғана қатысқан болса, биыл ІТ саласында оқитын 3-4 курс студенттері және 1-2 курс магистранттары да қатыса алады. Сонымен қатар биыл іріктеуден өтіп, тәжірибе алаңына жіберілген жастарға шәкіртақы төленеді. Ал іріктеу 4 кезеңнен тұрады.

Айнұр Аманжолова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ HR бизнес әріптесі:

- Бастапқы мақсаты – ІТ саласындағы оқу орындарын бітірмеген балаларға оқу орнында өтілмеген теориялық және практикалық білім беру. Бірінші кезең, ол – біздің ресми сайтқа өздерінің өтініштерін беру. Екінші кезең, қызықтырылған ІТ бағытына арналған тапсырмаларды шешу. Үшінші кезең – қабілеттілігін тексеретін тапсырмалар. Соңғы кезең, қандай да бір жағдайларда өздерін қалай ұстайтыны, қандай іс-әрекеттерді қолданатыны жайлы тапсырмаларды шешу.

Бағдарламаға өтінім беру кезеңі 7 сәуірге дейін жалғасады. Іріктеуден өткендер шілденің 17-сі мен тамыздың 29-ы аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында тағылымдамадан  өтеді. «Цифрлық жаз» бағдарламасы былтыр басталған. Оның алғашқы кезеңіне 2 мыңнан астам адам қатысып, 500-дейі тестілеуден өтті. Оның ішінен 72 жас маман тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Үш айдың ішінде өзін кәсіби жағынан жақсы көрсеткен 33 маман қорға қарасты компанияларға тұрақты жұмысқа орналастырылды. Биыл да осы үрдіс жалғаспақ. 

Хабар 24 телеарнасы