376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық әскери қызметкерлер баспаналы болды

  • 131
  • UPD: 23:30, 18.03.2019
Астаналық әскери қызметкерлер баспаналы болды

Әскери қызметшілер еңбек өтіліне қарамастан баспаналы болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сөйтіп «Әскери баспана» бағдарламасының шарапатын көрді. Бүгінде 60 мың әскери баспанаға мұқтаж. Соңғы алты жылда олар тек тұрғын үй жалдау үшін ғана өтемақы алып отырса, енді әскери қызметшілердің есепшотына аударылатын төлемдерді пәтер сатып алуға жұмсай алады.

Ниязбековтер отбасы талай жыл пәтер жалдап, туған-туысын жағалап келген. Енді бүгін отағасы жаңа үйдің кілтін алды. Астанадағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметін атқарып жүрген Қуаныш Ниязбеков мемлекет тарапынан осындай сыйға ие болды.

Қуаныш Ниязбеков, әскери қызметші:

- Өтемақы арқылы 1,2 млн теңге ақша жинадым. Қалғанын Үкімет төлеп, ТҮҚЖБ арқылы үй алдым. Әрбір әскери қызметшіде осындай үй алатын мүмкіндік бар. Ақшасын жинап, еңбегіне қарай ала алады.

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген Елемес Құсайыновтың отбасы да бүгін қоныс тойын тойлап жүр.

Елемес Құсайынов, әскери қызметші:

- Көптен армандағанымыз Астана қаласынан пәтер алу болатын. Елбасымыздың және Қорғаныс министрлігінің «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 4 бөлмелі пәтерге ие болдық. Осыған байланысты әрі қарай елімізге, жерімізге еңбек етуге дайынбыз.

Ниязбеков пен Құсайыновтар секілді әскери қызметшілердің отбасылары «Әскери баспана» бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Былтыр қаңтар айында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң күшіне енді. Осыған сәйкес мемлекет әр жауынгердің есепшотына баспана төлемдерін аударады. Бұл ақшаға әскерилердің Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Қазақстанның кез келген қаласынан үй сатып алуға мүкіндігі бар.

Авторы: Ж.Біркенов

Хабар 24 телеарнасы