379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өрттен 5 баланы құтқарған әскери қызметкер медальмен марапатталды

  • 271
  • UPD: 20:49, 18.03.2019
Өрттен 5 баланы құтқарған әскери қызметкер медальмен марапатталды

Алматы қаласының ТЖД-де бес баланы құтқарған 25 жастағы батырға құрмет көрсетілді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының қызметкерлері қатысты.

Адамдардың өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Нұрқанат Мұратұлы Дүйсен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің атынан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өрт сөндіру қызметі генерал-майоры Серік Әубәкіров Дүйсен Нұрқанатқа аталған марапатты салтанатты түрде табыс етті.

Серік Ғабдолұлы жалғыз өзі жанып жатқан үйдегі бес баланы от жалыннан аман есен алып шыққан Дүйсен Нұрқанаттың кәсіби тағылымдамадан өтуіне, сондай-ақ оған ерекше жағдайларда әрқашан да дайын болуға үйреткен командирлеріне алғыс айтты.

Өрт 2019 жылғы 11 наурыз күні сағат 18:00-де Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Первомайский көшесінде орналасқан жатақханада болды.

Өрт сөндіру бригадаларына келгенге дейін, аталған үйдің жанынан өтіп бара жатқан Дүйсен Нұрқанат терезеден айқайлаған дауысты естіп, тез арада көмекке ұмтылған болатын.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы