378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты

  • 257
  • UPD: 23:30, 18.03.2019
Б.Сапарбаев көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты

Жыл сайын аз қамтылған 50 мың отбасының жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндігі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен Үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 340 мың көп балалы отбасы болса, оның тек 28 мыңы ғана пәтер алу үшін кезекте тұр. Сол себепті мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 50 млрд теңге қаражат бөлінеді. Оған қоса Тұрғын үй жинақ банкі халықтың осал топтары үшін 2 пайыздық ипотекалық несие бермек. Оның алғашқы жарнасы – 10 процент. Ол үшін әр жылы қосымша тағы 30 млрд теңге бөлу көзделген. Бір отбасыға берілетін кредиттің көлемі 6 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін. Ипотека 19 жылға шақталған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Осындай несиелер кімге беріледі? Біріншіден, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған көп балалы отбасыларға беріледі. Екіншіден, отбасыда мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған балалары болса. Үшіншіден, кәмелеттік жасқа толмаған толық емес отбасыға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы