379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке қарсаңында Ұлттық кітапхана ұжымындағы көп балалы аналарға сыйлықтар таратылды

  • 170
  • UPD: 09:05, 19.03.2019
Мереке қарсаңында Ұлттық кітапхана ұжымындағы көп балалы аналарға сыйлықтар таратылды

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында да тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлтымыздың ең бай мұрасы – кітап қорын сақтап келе жатқан ұжым ұлттық құндылықтарды салт-дәстүр, ән мен жыр арқылы насихаттады. Мерекелік шара қариялардың ақ батасынан басталып, әжелер тобының әдемі биіне ұласты. Наурыз мерекесінде тәй-тәй басқан сәбидің тұсауы кесіліп, жігіттер арқан тартысып, айтыс та ұйымдастырылды. Шашу шашылып, наурыз көже таратылған мерекеде ұжымдағы көп балалы аналарға аса мән берілді. «Наурыз – жақсылық пен жаңа жылдың бастауы. Игі іс жасайтын кезең. «Сондықтан кітапхана ұжымындағы 22 көп балалы анаға сый тартуды жөн санадық», – дейді Ұлттық кітапхана директорының міндетін атқарушы Ажар Хамитқызы.

Құралай Кәрімова, кітапханашы:

– Мен баламен уйде отырған анамын. Бүгін кітапхана көп балалы аналарды шақырып, сыйлықтарын беріп, қуантып жатыр. Наурыз мерекесі құтты болсын.

Бақытжамал Қайырбекова, ҚР Ұлттық кітапхана директорының орынбасары:

– Ұжымда қызмет атқаратындардың көбі – жастар. Салт-дәстүрімізді жаңғыртып, жастарға насихаттап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы