377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық еріктілер мереке қарсаңында қарияларға құрмет көрсетті

  • 227
Қарағандылық еріктілер мереке қарсаңында қарияларға құрмет көрсетті

Қарағандыдағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы да Наурызды тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекені қарияларға еріктілер ұйымдастырды. Олардың барлығы – болашақ əлеуметтік қызметкерлер. Сондықтан студенттер қазірден осындай жандармен тіл табысуды үйренеді. Олар зейнеткерлер, мүгедектер жəне балалар үйі тəрбиеленушілеріне қызықты шаралар ұйымдастырып жүр. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер бос уақытын өткізеді. Бүгінде орталыққа 60-тан аса адам келеді. Мұнда қариялар үшін кітапхана, фитнес залы жəне тіл меңгеру курстары ұйымдастырылған.

Бақыт Сәдуақасова, орталыққа келуші:

– Наурызға арналған шаралар өтіп жатыр. Экономикалық университеттің студенттері концерт қойды, арасында жарыстар ұйымдастырылды, жастық шағымызды еске түсіріп, жастармен жас болып жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы