389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде Президенттік көпсайыстан өткен спартакиадада шығысқазақстандықтар топ жарды

  • 348
  • UPD: 09:20, 19.03.2019
Өскеменде Президенттік көпсайыстан өткен спартакиадада шығысқазақстандықтар топ жарды

Өскеменде Президенттік көпсайыстан Ұлттық Ұлан әскерилерінің арасында 17-спартакиада өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша еліміздің әр өңірінен жиналған 40-қа жуық жауынгер өзара ептіліктері мен жылдамдықтарын және мергендіктерін сынап сайысқа түсті. Гимнастикалық керме, шаңғы,спорттық қаруды игеру сынды тапсырмалар қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Әсіресе он рет нысанға дөп тигізу әскерилер үшін айырықша сын болды. Сонымен командалық есеп бойынша шығысқазақстандықтар үздік атанып, спартакиада алтынын иеленді. «Жалпы мұндай шара әрбір жауынгер үшін үлкен тәжірибе алаңы», – дейді қатысушылар.

Заманбек Орынбасар, сайысқа қатысушы:

– Мен Орал қаласынан келіп отырмын, әскерилер арасында іріктеуден өттім. Өскемен қаласына Ұлттық Ұлан біріншілігіне келіп отырмын, қару сайысы өте маңызды, өйткені күнделікті жауынгерлік қызметтеміз және жаунгерлік меңгеруімізді шыңдаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы