384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 85 мыңнан аса студент пәтер жалдап тұрады

  • 479
  • UPD: 09:38, 19.03.2019
Қазақстанда 85 мыңнан аса студент пәтер жалдап тұрады

Елімізде студенттер үйі тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жыл соңына дейін 45 мың студентке арналған жаңа жатақханалар салу жоспарланған. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы мен білім және ғылым министрлігі құны 16 жарым млрд теңге болатын 12 келісім жасасты. Нәтижесінде Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында студенттер үйінің құрылысы қарқын алмақ. Бірақ мамандар қазына қаржысын шығындап, жаңасын салудың орнына бос тұрған ғимараттарды жаңғыртудың тиімділігін алға тартады. Бірақ Астанада бұл тәжірибе әзірге қолданылмаған. Айта кетейік, қазір елордада 17 мың студент жатақханаға зәру.

Айгүл Садықова, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:

– 2018 жылы Астанада хостелдерді колледж студенттеріне лайықтау бойынша байқаулар басталған. Бірақ талаптар жөнінен біраз сұрақтар туындады. Жалпы Студенттер үйі ретінде қолдануға болатын ғимараттарын ұсынған кәсіпкерлер де бар еді. Әкімдіктегілер жағдайы жақсы хостел иелеріне осындай жобаларға қатысу мүмкіндігін арттыратындай шарт жасауы керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы