379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас санитарлық дәрігер Шымкентте оқушылардың улану себебін атады

  • 183
  • UPD: 14:12, 19.03.2019
Бас санитарлық дәрігер Шымкентте оқушылардың улану себебін атады © otyrar.kz

Шымкенттегі мектеп оқушыларының улануына табиғи газ тарататын станциядағы ақау себеп.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, бас айналу, жүрегі айну және ішінара естен тану шағымымен жалпы саны 45 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 41-і оқушы. Қалғаны ересек адамдар. Тексеріс нәтижесінде балалардың табиғи газдан иістенгені анықталған. Ол мектептен 600 метр жердегі газ тарату станциясынан таралған. Қазір арнайы мамандар ақау шыққан жерді қалпына келтірді.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Жеңіл дәрежеде түсті науқастар. Оларға да детоксикациялық терапия жүргізілді. Және ата-аналарына осы алаңдатып тұрған психологиялық көмек берілді. Сондықтан бәрі де осындай көмек алынғаннан кейін бәрі де үйлеріне жіберілді. Әрине, олар медициналық бақылауда тұр. Газ қызметінің жұмыскерлері газдың шығуын жөндеді. Біздің бақылау лабораториялық зерттеу жасадық. Мектепте, мектептің қасында ешқандай зиянды заттар анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы