378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин: Жеке тұрғын үй құрылысында ортақ сәулеттік келбетті қолдану керек

  • 137
  • UPD: 11:54, 19.03.2019
Асқар Мамин: Жеке тұрғын үй құрылысында ортақ сәулеттік келбетті қолдану керек inform.kz

Жеке тұрғын үй құрылысында ортақ сәулеттік келбетті белсенді қолдану керек. Бұл туралы бүгін «Нұрлы жер»  бағдарламасы қаралған Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

«Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары - халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі Елбасының әлеуметтік саясатының негізі. Осы ретте бұл бағдарламаларды одан ары іске асыру үшін бірқатар мәселеге назар аудару қажет. Ең алдымен, тұрғын үй құрылысын дамыту. Биыл 13,1 млн шаршы метр пәтерді пайдалануға беру көзделіп отыр», - деді Үкімет басшысы. Осы ретте Премьер-Министр әкімдіктер және тиісті мемлекеттік органдар жер телімдерін бөлу, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды салу, сонымен қатар инвестициялық тұрғын үй жобаларын сүйемелдеу бойынша жұмыс қарқынын арттыру қажеттігіне назар аудартты. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысында ортақ сәулеттік келбетті белсенді қолдану керек. Бұл тапсырма тек үш өңірде орындалған: Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Ал қалған өңірлерде бұл бағыттағы жұмыс енді басталып жатыр. Сондықтан да осы жұмыстың қарқынын өсіру керек», -  деді Асқар Мамин.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы