377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 32 жастағы ер адам ағайынды екі баланы соққыға жықты

  • 154
  • UPD: 12:11, 19.03.2019
Павлодарда 32 жастағы ер адам ағайынды екі баланы соққыға жықты pavlodarnews.kz

Жарақат алған сегіз және тоғыз жастағы ұл балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқиға туралы агенттік әлеуметтік желілерден хабардар болды. Facebook пайдаланушысы Антон Чашин оқиға сенбі күні Екінші Павлодар ауданында, балалар алаңында болғанын жазады. Павлодарлықтардың болжамынша, «қаңғыбас кішкентай балаларды кәріз коллекторына сүйреген. Дәл сол кезде қаңғыбаста эпилепсия белгілері басталып, балалар қашып кеткен». Facebook пайдаланушысы болған оқиға туралы Екінші Павлодар тұрғындарынан білгенін айтады.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиға сенбі күні орын алғанын растады, алайда тергеу мүддесі үшін мәліметтер жарияланбайды.

«16 наурыз күні сағат 23:00-де полицияға Минин көшесіндегі үйдің жанында белгісіз адам бұзақылық ниетпен кәмелетке толмағандарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен. Бұл факті полицияда тіркелген. Полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Нәтижесі шыққан соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады департамент агенттіктің ресми сұрауына берген жауабында.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2009 және 2010 жылдары туған балалардың жарақаттанғанын растады.

«16 наурыз күні сағат 18:20-да жедел жәрдемге шақыру келіп түсті. Екі ұл балада жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, көптеген гематомалар, бас пен беттің шаш бөлігінің жарылуы, сондай-ақ жұмсақ тіндердің зақымдануы анықталды. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы орташа ауыр, яғни балалар қатты қорқып қалған. Ұл балалар ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті емді алып жатыр», - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Хабар 24 телеарнасы