379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 6 мың пәтер берілуі мүмкін

  • 152
Биыл әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 6 мың пәтер берілуі мүмкін

Мамыр айында көп балалы аналарға пәтер беріле бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әкімдіктер жүзеге асыруы тиіс жұмыстарға келер айда қаржы бөлінбек. Қазір бюджет жобасы талқыланып, ұсыныстар қабылданып жатыр. Әрбір көп балалы отбасыға кемінде 60 шаршы метр баспана тиесілі болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде 4 және одан көп перзент тәрбиелеп отырған әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 6 мың пәтер берілуі тиіс. Жалпы кезекті тұрғандарының саны 28 мың болғандықтан, қалғандарының өтініші алдағы 3-4 жылда толық қанағаттандырылады.

Бақытжан Қашақов, ҚР ИИДМ құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:

– 6 мың пәтер аумағын қарайтын болсақ, алынатын пәтерлер кемінде 3 бөлмелі болуы керек. Жобаларды жинақтап жатырмыз. Мамырдан бастап берілетін пәтерлерді сол параметрлерге қарастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы