377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы 2 млн-ға жеткен

  • 147
  • UPD: 14:43, 19.03.2019
Қазақстандық жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы 2 млн-ға жеткен

Қазақстандық жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы – 1 миллион 700 мың теңге.

Оның 75 пайызы банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрған компаниялардың үлесінде. Енді осы қарызды дер кезінде өндіру ісін жауапты министрлік қолға алады. Ол үшін арнайы заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Егер ол қабылданатын болса, еңбек инспекторларының шешімі сот шешімімен теңестірілуі мүмкін. Сондай-ақ жұмысшылардың құқығын қорғауға да басымдық беріледі. Мәселен бүгінде ел экономикасында 6 мың 600 жалдамалы қызметкер 165 мың тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмыс жасайды. Алайда жұмысшыларды еңбек келісімінсіз жұмысқа алатын мекемелер де бар. Сала басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бір мыңдай адам еңбек шартынсыз еңбек етіп жүр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Мемлекет басшысының берген тапсырмасы ең төменгі деңгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көбейту. Осы шараның нәтижесінде қазіргі таңда 184 мың кәсіпорындарда 958 мың қызметкерлердің жалақысы өсті. Ендігі міндет – әкімшіліктермен, кәсіподақ бар жұмыс берушілермен осы жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз керек. Жыл сайын жалақы ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде көбейтілуі керек.

Хабар 24 телеарнасы