379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да тасқын қаупі тікұшақпен бақыланды

  • 176
ШҚО-да тасқын қаупі тікұшақпен бақыланды

Шығыс Қазақстанда тасқынға қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, «Қазгидромет» өкілдері және сала мамандары бар бір топ комиссия өңірді тікұшақпен бақылап шықты. Жалпы Өскемен-Аягөз-Үржар-Зайсан-Ақжар-Өскемен бағытындағы барлық қауіпті учаске, қар қабаты мен өзен-көлдердегі су деңгейі назарға алынды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, әзірге қар ақырындап еріп жатыр. Әсіресе Зайсан, Күршім,Тарбағатайдағы бірталай аумақта қара жер көрініп қалған. Дегенмен өңірдегі төтенше жағдайлар қызметі күшейілген жұмыс тәртібіне көшіп, сақадай сай отыр. Өлкеде тасқынның алдын алу шаралары үздіксіз жүріп жатыр. Жақында 3 аудандағы ірі өзендерде мұз көбесін жару шарасы жүргізілді. Ал жыл басынан бері таулы аймақта 60 рет қарды жасанды түсіру шаруалары атқарылған. Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда қарғын судың астында қалуы мүмкін 74 елді мекен анықталып отыр.

Нұрлан Мадьяров, облыстық ТЖД басшысы:

– Қазіргі жағдай бір қалыпты, су деңгейі бақылауда. Қардың ақырын еруіне күн райы септігін тигізуде. Өйткені күндіз сынап бағанасы жоғарылап,түнде төмендеп тұр. Бұл өте жақсы әсерін тигізеді. Оның үстіне биыл қар қалың болғанмен, жер тоңы қатқан жоқ. Еріген қар суы лезде сіңіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы