379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ашамайға мінгізу» салты жайлы не білеміз?

  • 301
«Ашамайға мінгізу» салты жайлы не білеміз?

Семейде Наурыз мерекесінің қарсаңында ұлттық салт-дәстүрлер паш етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық өлкетану музейінің ұжымы қазақтың көнеден келе жатқан «Ашамайға мінгізу» ғұрпын көпшілікке көрсетіп, өнегелі шара өткізді. Ата-бабаларымыз есі кірген 5-6 жастағы ер баланы алғаш атқа отырғызу рәсімін осылай атаған. Ол үшін кішкентай жеткіншекке арнайы үйретілген бәсіре тайға ердің ыңғайлы түрі ашамай ерттелінеді. Ерге отырғызу да ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттерге жүктеледі. Атқа мінген балақай ауылды аралап, үлкендерден бата алып, шашу шашылады. «Бұл дәстүрдің денсаулыққа пайдасы зор, баланың елін сүйер азамат болып өсуіне ықпалы көп», – дейді қариялар.

Нұрқия Оспанқызы, «Айша бибі» ансамблінің мүшесі:

– Ашамайға мінгізген кезде баланың зейіні, ынтасы артқаннан кейін бала сабақты жақсы оқиды. Күш жігері бойына тасып, үлкен жақсы азамат болып өседі. Ол баланың омыртқасы түзу болып өседі және жігерлі, елін сыйлайтын, мейірман азамат болады. Алла Тағалам осы салт-дәстүрімізден айырмасын! Салт-дәстүрімізді білейік, өзіміздің қазақтың салт-дәстүрін, дінін, тілін ұмытпайық дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы