379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда көлік нөмірлерін заңсыз сатқандар ұсталды

  • 149
Қостанайда көлік нөмірлерін заңсыз сатқандар ұсталды

Қостанайда заңсыз жолмен автокөлік нөмірлерін сатқан алаяқтардың ұйымдасқан тобы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер бұл әрекеттерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында іске асырып келген. «Орындаушы» ретінде пысықтық танытып құжат рәсімдеу үшін автокөлік иелерінен ақша талап еткен. Олар жәбірленушіден 35 мың теңге жымқыру сәтінде ұсталды. Полицейлер бұл дерекке Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысы барын жоққа шығармайды. Қазір алаяқтық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заң жүзінде күдіктілер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алтынбек Шүйіншалиев, облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысы:

– Ұсталған азаматтар өздерінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған қылмыстық әрекеттеріне өкініп отыр. Көп адамдар өкінішке орай алаяқтықтың жәбірленушісі болады да, фактілерді жасырып айтпай қалады. Олар міндетті түрде арыз жазу керек.

Хабар 24 телеарнасы