379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бойынша 27 тұрғын үй қолданысқа беріледі

  • 179
  • UPD: 17:37, 19.03.2019

Жамбыл облысында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 27 тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Бұл  2 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамтуға үлкен мүмкіндік болып отыр.

Қазіргі таңда Тараз қаласындағы жаңадан бой көтерген баспаналар «7-20-25» бағдарламасы аясында азаматтарға ұсынылуда. Алайда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, екінші деңгейлі банктерге 141 адам өтініш білдіріп, оның тек 73-не ғана несие рәсімделген. Бұл өткен жылдан бергі көрсеткіш.  Банк қызметкерлерінің айтуынша, үй алуға ниет білдірушілердің қарасы көбейгенімен, бағдарлама баяу жүріп жатыр. Оған себеп жалақының төмендігі мен өзге де банктерде қарыздарының болуы дейді.

Нұрлан Берікбосынов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» РММ ЖОФ директорының орынбасары:

- Проблемамыз бізде өте төмен болып тұр біздің  төлем қабілеттілігіміз сол адамдарда айлық төмендеу болып тұр, жетпей жатыр мысалы, сонан кейін бұл жерде тағы басқа кредиттері де бар мысалы потреб. кредиттері оларды кейін ай сайын төлеген кезде нагрузка береді сол да әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы