379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жасыл желекті қорғауға арналған акция өтті

  • 117
  • UPD: 18:41, 19.03.2019
Петропавлда жасыл желекті қорғауға арналған акция өтті

Бір центнер қағаз қалдығын қайта өңдесе бір ағашты аман сақтап қалуға болуды. Петропавлда жасыл желекті қорғауға арналған «Қалдықсыз планета» атты экологиялық акция өтті.

Оған қаладағы үш мектептің оқушылары қатысты. Яғни балалар қағаз қалдықтарын жинап тапсырды. Ол үшін білім ошақтарына арнайы жәшік қойылған. Сөйтіп, оқу орындарының белсенділігі бойынша нөмірі оныншы мектеп көш бастады. Тәрбиеленушілер айналасы бір айдың ішінде 7 тоннадай макулатура жинаған. Қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырылған қалдықтан түскен қаржы енді мектептің материалдық базасын нығайтуға жұмсалады.

Владислав Орлов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Бір ғана мектептің оқушылары 7 тоннаға жуық қағаз қалдығын жинады. Рекодттық көрсеткіш. Осылайша балалар шамамен 100-ден астам ағашты сақтап қалды. Мұнымен қоса балғындар атмосфераға 12 келідей  зиянды қалдықтардың тарауына жол бермеді. Ал бұл қоқыс Алматы қаласына қайта өңдеуге жөнелтіледі.

Хабар 24 телеарнасы