377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасына қандай айып тағылғаны белгілі болды

  • 164
  • UPD: 22:10, 19.03.2019

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген ақпаратқа сүйенсек, Ислам Әбішев пен оның көмекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Олар мердігерлік ұйым өкілінен су құбырын қайта жаңарту және елді мекендерге тарату желілерін салу үшін 60 миллион теңге бопсалап, пара алды деген күдікке ілінген. Бұған қоса қазір ақпарат құралдарында  Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынғаны жарияланды. Ұлттық бюро өкілдері оның бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Яғни бұрынғы әкім орынбасары 5 мектеп-интернаттың асханалары үшін жиһаз жеткізіліміне шарт жасасу үшін 5,1 млн теңге пара алды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша форумдарды өткізу үшін қызметтер мен материалдарды сатып алуға бөлінген 10 млн теңге сомасындағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырған.

Хабар 24 телеарнасы