376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясында экология мен қоршаған ортаны қорғау проблемалары талқыланды

  • 151
  • UPD: 23:01, 19.03.2019
Nur Otan партиясында экология мен қоршаған ортаны қорғау проблемалары талқыланды

Nur Otan партиясының өкілдері экология мен қоршаған ортаны қорғау проблемаларын талқылады. Орталық аппарат бейнеоконференция арқылы өңірлермен байланысқа шықты.

Жиында көтерілген басты мәселе Атырау облысындағы балықтың қырылуы. Бұл өңірдің экожүйесінен бөлек, балық шаруашылығымен күн көріп отырғандар үшін де біраз қиындық туғызады. Қазірдің өзінде Атырау балығына сұраныс төмен. Кәсіпкерлер шығынға батқан. Балықтың қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, еліміздің төрт зерттеу институтында лабараториялық зерттеу жүргізілуде. Олардың нәтижелері әлі шыққан жоқ. Сондықтан мамандардың пікірінше қорытынды жасауға ерте. Ал Ақтауда шаяндар жағаға шығып жатыр. Конференцияға қатысушылар балықтың қырылуынан Жайықтың төменгі сағасындағы қызыл кітапқа енген құстар азықсыз қалып, қырыла ма деп те алаңдаулы.

Қаныбек Жұмашев, Nur Otan партиясының хатшысы:

- Ең бастысы, казір мұз еріп, судың бетіне өлген балықты тез жинап оны залалсыздандыру керек. Себебі одан тараған у суға тарап кетуі мүмкін. Біз осындай жағдайда Nur Otan партиясы партияластарын оынң ішінде кәсіпкерлерді проблемамен бетпе бет тастамауымыз керек. Атырау Облысында талай кәсіпкерлер шығынға ұшырап. Өздерінің алған қарыздарын өтей алмауы мүмкін. Осы кәсіпкерге қатысты нақты шара қолдану керек деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы