377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы арқасында Қазақстан әлемге танылды – М.Қуанышева

  • 283
  • UPD: 10:07, 20.03.2019
Елбасы арқасында Қазақстан әлемге танылды – М.Қуанышева

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары әрбір өңірдің өзіндік даму жолын айқындаған тұлға.

Атыраулық жұртшылықтың пікірі осындай. Жергілікті тұрғын Марина Қуанышева Қазақстанның бүгінде әлемге танылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі деп біледі.

Марина Қуанышева, Атырау қаласының тұрғыны:

- Мен Мемлекет басшысының сіңірген еңбегінің бірі деп біздің Қазақстанның әлемге танылғанын айтар едім. Бұған дәлел 93-жылдары Қазақстанды ешбір ел танымайтын уақытта, біз жаңа тарихымызды енді ғана жазып бастаған кезімізде біздің аймаққа әлемдік деңгейдегі белгілі компаниялардың инвестициясын тартты. Қазір біздің облыста бірнеше шетелдік компания еңбек атқаруда. Осы жылдар ішінде біздің мамандар әлемдік деңгейде тәжірибе жинақтады. Бәсекеге қабілетті болды. Қазір шетелдік мамандармен тең дәрежеде жұмыс істейді. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанның болашағы үшін керек.

Хабар 24 телеарнасы