378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында өзендердегі мұз жарылды

  • 169
  • UPD: 07:33, 20.03.2019
Қарағанды облысында өзендердегі мұз жарылды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі тасқынның алдын алу үшін Жарлы, Ежебай және Нұра өзендеріндегі қалың мұзды жарды.

Ол үшін 1 тоннадан астам жарылғыш  пайдаланған. Синоптиктердің болжауынша, сәуірдің басында күн күрт жылиды. «Еріген қар суының кедергісіз ағып кетуі үшін өзен арналарын тазарту қажет», – дейді құтқарушылар. Мұз жару жұмыстары алдағы күндері Бұқар Жырау, Осакаров, Абай аудандарындағы өзендерде де жүргізілмек. Қазір өңірдегі ең үлкен Самарқан, Шерубай-Нұра, Ынтымақ су қоймалары да қатаң бақылауда. Тәулігіне шамамен 40 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:

- Сәуір айының 5-іне қарай қар күрт ери бастайды. Сол кезге дейін барлық өзенді мұздан тазартуымыз керек. Шамамен 15 учаскеде жару жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы