379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада биыл IT-университет ашылады

  • 153
  • UPD: 07:43, 20.03.2019
Елордада биыл IT-университет ашылады

Оқу орны ЭКСПО кешенінде орналасады.

Әзірге оқудың ақысы пысықталып жатыр. Гранттар да бөлінеді. Бастапқыда университетке мың студент қабылданады. Кейін білімгерлердің қатарын 2 жарым мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Оқытуға шетелдік мамандар да тартылады. Жаңа университетте жастар екі бағдарлама бойынша дайындалады. Біріншісі – жедел инновациялық, екіншісі – қайта даярлау бағдарламасы. IT-университет төрт мектептің негізінде жұмыс істейді. Олар: киберқауіпсіздік, компьютерлік ғылым, индустриалды инжиниринг және IT-менеджмент.

Замир Ыбыраев, ұлттық компанияның IT және жаңа теxнологиялар департаментінің бас менеджері: 

- Жаңа университет ақпараттық теxнологиялар саласындағы әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен бірлесіп ашылады. Бүгінде қайта жабдықталып жатқан «С-1» павильонының аумағы 24 мың шаршы метрден 35 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Барлық шаралар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы