379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ҚХА жұмысын нығайту жолдары қаралды

  • 127
  • UPD: 07:52, 20.03.2019
Астанада ҚХА жұмысын нығайту жолдары қаралды

Міндет айқын, бағдар анық.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаттарымен кездесіп, атқарылған істерді саралады. Кездесуде мәжілісмендердің Қоғамдық келісім кеңестерімен, Аналар және Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесімен, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен өзара іс-қимыл жасау қажеттігі туралы да айтылды. Сонымен бірге сәуірдің 29-ы күні өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына дайындық барысы талқыланды.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Бүгін Ассамблея төрағасының орынбасарымен кездесіп, осы институттың жұмысын нығайту жолдарын талқыладық. Жансейіт Түймебаев елде бар кеңестердің депутаттық корпуспен бірлесе жұмыс істеу қажеттігіне баса назар аударды. Бұл біздің ортақ мақсатқа жетуіміз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы