384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Геннадий Головкин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне алғыс білдірді

  • 1112
  • UPD: 14:35, 20.03.2019

Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы ізгі пікірлер толып қалды.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтататыны туралы шешімі әлеуметтік желі қолданушыларын серпілтіп тастады. Бір кеште күллі қазақстандықтардың бойын «біртүрлі сезім» биледі. Қимастық сезімі.

Барлығының жазбаларынан Елбасыға деген алғыс, бейбіт күнімізге шүкіршілік сезіледі. Желі қолданушыларын тарихи шешімнің 2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-ге дөп келгені таң қалдырды. Бастысы, Елбасының бұл ұйғарымы қайырлы болсын деді көпшілік.

Спортшылар, журналистер, өнер майталмандары, қарапайым халық. Барлығы Тұңғыш Президентке алғыс айтып, зор денсаулық тілесіп жатыр.

Расымен де, Тұңғыш Президенттің еңбегі ерен. Салиқалы, сарабдал саясатымен ол бүкіл әлемге «Қазақстан» деген мемлекеттің мәртебесін танытты. Оның парасатты болмысы әлеуметтік желі қолданушыларының оң пікіріне ие.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы