379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Пэта Қазақстандағы рухани тұрақтылықтың одан әрі сақталатынына сенім білдірді

  • 149
  • UPD: 16:30, 20.03.2019

Астанадағы Католиктер шіркеуінің архиепископ митрополиті Томаш Пэта Қазақстандағы рухани тұрақтылықтың одан әрі сақталатынына сенім білдірді.

Ол елімізде қалыптасқан діни сенім бостандығы мен халықтың бақуатты өмір сүруіне Тұңғыш Президенттің сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті. «Сондықтан бүгінгі тарихи сәтте Елбасыға Қазақстанның өркендеуіне күш салған 30 жылдық еңбегі үшін алғыс айтуымыз керек», – дейді.   

Томаш Пэта, архиепископ митрополит:

- Мен діндарлар өкілі ретінде өз алғысымды айтқым келеді. Себебі біз 30 жылдан бері өзара діни сенім бостандығы қалыптасқан Қазақстанда өмір сүріп келеміз. Бейбітшілікте ғұмыр кешіп жатқанымызға қуанамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы үшін дұға жасаймыз. Оның беделі мен тәжірибесі еліміздің рухани әрі материалдық дамуына қызмет ете берсін деп тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы