377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық жастар Елбасының тарихи мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

  • 225
  • UPD: 19:21, 20.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – Еуразия құрлығындағы ең танымал әрі ең беделді саясаткерлердің бірі.

«Қазіргі күні әлем мойындаған 5-6 саясаткер болса, соның – бірі Нұрсұлтан Назарбаев» деген екен темір ханшайым атанған әйгілі Маргарет Тэтчер. Саналы ғұмырын ел халқының әл-ауқатын арттыруға арнаған Ұлт көшбасшысы кемел келешектің бүгінгі елшілері – жастарға да әркез қолдау көрсетті. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи мәлімдемесі батысқазақстандық жастарды да бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дулат Жүсіпқалиев, қала тұрғыны:

– Әлеуметтік желіде де тарихи сәтке байланысты жастардың белсенділігін байқауға болады. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев шекарамызды бекітті, астанамызды салып берді. Шетелдің озық елдерінде жастардың білім алуына мүмкіндік жасады. Оза шапқандарды ел ісіне араластырды.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

– Біз қазірден бастап жауапкершілікті сезініп, жұмыс жасап, шетелдіктермен тәжірибе алмасып, еліміздің өркендеуі үшін қызмет етуіміз керек деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы