389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұңғыш Президент – конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің сәулетшісі бола білген қайраткер

  • 391
  • UPD: 19:20, 20.03.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ел үшін еткен еңбегі әлем жұртының көз алдында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан сынды даму жолындағы ірі мемлекеттің көшбасшысы ретінде ғана емес, шығыс пен батыстың, ислам мен христиан әлемі өркениеттерінің арасында диалог орнатудағы да еңбегі ерен. Ол – конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің шын мәнінде сәулетшісі бола білген қайраткер. Ал елдің алдағы даму бағыттарын күні кеше «Nur Otan» партиясының съезінде айқындап берді. Яғни бағыт-бағдарымыз да, мақсат-мүддеміз де айқын. «Бұл істе Ұлт көшбасшысының еңбегі зор. Сол үшін алғысымыз шексіз», – дейді батысқазақстандықтар.

Жұмажан Қожжанов, облыстық мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы:

– Әлемге белгілі тұлға деп айта аламыз. Себебі ол кісінің батыл да айқын, БҰҰ деңгейіндегі ұсыныстары мен бүкіләлемдік қауіпсіздікті сақтау, бірлікті сақтау, еліміздегі жастардың білім алып, еңбекке араласу, әл ауқатын жақсарту немесе дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы айтқан сөздері елімізге күш-қуат береді.

Серік Сүлеймен, облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Кешегі съезде берілген тарихи шешімдерді іске асыруға біз әрі қарай бар күшімізді саламыз. Соның ішінде Елбасының ең басты стратегиялық жоспары «Қазақстан 2050» бағдарламасын іске асыру, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу мәселесі, соны іске асыруға бар күшімізді саламыз. Жалпы айтқанда Қазақстан халқы Елбасының бағыттап, бағдарлап берген бағытынан ешқашан да аумайды. Қазір қандай әлемде абырой атағы болса, одан әрі қарай да еселей түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы