379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық қоғам белсенділері қаланың ең ұзын көшесін Елбасының атымен атауды ұсынды

  • 203
  • UPD: 22:22, 20.03.2019

Петропавлдық қоғам белсенділері қаланың орталық әрі ең ұзын Мир көшесін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастама Мәслихат депутаттарының қарауына жолданған. Тұрғындардың айтуынша, Тұңғыш Президенттің ел дамуына қосқан үлесі орасан. «Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылда 1 ғасырға татитын іс тындырды», – дейді халық.

Жарасбай Сүлейменов, облыстың құрметті азаматы:

– Бұл – азаматтық шешім. Өйткені мұның өзі Елбасының көрегендігін, Елбасының парасаттылығын көрсетеді. Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президентіміздің арқасында Қазақстан белестерді бағындырды. Экономикасы жақсы, саяси жүйесі дамыған мемлекет құрды.

Таңат Сүгірбаев, зейнеткер:

– Бүгінгі күні бізді дүние жүзі мойындап отыр. Астанамыз қандай көркем. Міне соның сәулетшісі де Нұрсұлтан Әбішұлы болады. Сондықтан да бүгінгі Парламенттің шешімі өте дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы