384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың жаңа атауы «Нұр-Сұлтан» деп жазылады

  • 1148
  • UPD: 00:40, 21.03.2019

Астана қаласы мәслихатының депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларды бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс ұйымдастырылған сессия барысында Астананы «Нұрсұлтан» деп, Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстыру туралы мәселе қарады. Атап айтсақ, бір топ депутат елорданың жаңа атауына маңыздылық пен салмақ беру үшін «Нұрсұлтан» сөзінің арасын ашып немесе дефис қою арқылы даралауды ұсынған. Айта кетейік, дауыс беру рәсіміне 13 депутат қатысты.

Мирас Шекенов, қалалық мәслихат депутаты:

– Негізінде әлемдік тарихқа үңілсек, елдің тұғырлы егемендігін қалаған тұлғаларды атап өткім келеді. Олардың қатарына АҚШ-тың негізін қалаған Джордж Вашингтонды, түркиялық реформатор Мұстафа Кемаль Ататүрікті, Ресей саясатында алар орны ерекше Бірінші Петрды қосуға болады. Осы тұлғалар – жаңадан мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырған бірегей саяси қайраткерлер. Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқына еңбегі сінген тұлға. Сондықтан «Астана» атауын өзгертуді қолдадым.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын «Нұрсұлтан» деп өзгертуді ұсынған болатын. Аталған мәселе ҚР Парламенті отырысында қаралып, жаңа президенттің бастамасы бірауыздан қолдау тапты.

Мәслихат қала атауын «Нұр-Сұлтан» деп жазу туралы ұсынысты  Үкімет пен республикалық комиссияға жіберді.

Хабар 24 телеарнасы