384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы өтуде

  • 634
  • UPD: 20:15, 20.03.2019
Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы өтуде

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы өтіп жатыр.

Онда телевизия саласының қазанында қайнаған кіл мықтының ішінен ең мықтылар анықталады. Жүзден жүйрік шыққандар 9 аталым бойынша марапатталады. Бағы мен бабын сынауға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатысады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

– Бүгін телевизия саласының мамандары үшін өте еркеше күн. Өйткені жыл бойы еткен еңбек пен төккен тердің еленер сәті осы. Сондықтан бұл шараға телевизия саласының қазанында қайнаған кәсіби мамандар барлық өңірлерден келеді. Өзіңіз көріп тұрғандай, қонақтарды ерекше құрметпен қарсы алу үшін арнайы қызыл кілем төселген. Жан-жақтан қаумалаған камера, жарық бәрі қойылған. Қазір қонақтардың алғашқы легі келіп, осы қызыл кілем үстімен өтіп жатыр. Айта кету керек, биылғы байқау былтырғыға қарағанда ерекше. Мәселен, былтыр қатысушылар 14 аталым бойынша марапатталса, биыл номинация саны 9-ға қысқарды. Тұмарға құмар үміткерлерден биыл 302 өтінім қабылданыпты. Үздіктер «Телевизиялық сериал», «Әлеуметтік жоба», «Деректі фильм», «Ақпараттық-сараптамалық бағдарлама», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Ойын-сауық жобасы», «Өңірлік тележоба», «Тележурналист» және «Тележүргізуші» аталымдары бойынша анықталады. Ал кіл мықтының ішінен ең мықтысын анықтайтын әділқазылар құрамы жарияланбай отыр. «Бұл байқаудың әділ өтуі үшін әдейі жасалған», – дейді ұйымдастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы