379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар: Егеменді елдің іргесін қалаған тұлғаның есімі әрқашан биік тұрмақ

  • 173
  • UPD: 23:07, 20.03.2019

Егеменді қазақ елінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы бар.

Өшпейді. Қазір халықтың Тұңғыш Президентке деген қимастық сезімі басым. Тіпті көз жасына ерік бергендері бар.

Қорған Төреқожа, тілші:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Елбасы Президент болған алғашқы күннен-ақ шекараны шегендеді. Семей полигонын жапты. Экономиканы өсіру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетті. Жастардың кемел келешегін қамтамасыз етті. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында 10 мыңнан астам қазақстандық жас шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. «Қазақ тілі әліпбиі кириллицадан латын графикасына көшті. Өткен жаздағы айтулы оқиға – Елбасының шешімімен Шымкентке республикалық қала мәртебесі беріліп, Түркістан облыс орталығы атанды. Бұл ерен еңбектің бір парасы ғана. Мұны халық біліп, көріп отыр.

Аралап жүріп, халықтың Тұңғыш Президентке деген махаббаттын көрдік. Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты деген жаңалықты көпшілік аса толқыныспен қабылдағанын айтады. Толқып та жүр. Тіпті Елбасын қия алмай, көз жасына ерік бергендері бар.

Павлодарлықтар да Елбасының шешімін естігенде, қатты тебірендік дейді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев өзін сүйетін, өзі сүйетін жұртымен бірге болады. Егеменді елдің іргесін қалаған тұлғаның есімі әрқашан биік тұрмақ.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бүкіл қазақ елі ол кісіні жақсы қабылдайды. 30 жыл бойы Елбасына қазақ жұрты сенді. Ол кісі қазақтың бар сенімін ақтады.

Эльдар Төлеубеков, облыстық «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының» директоры:

– Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі қабылдаған шешімін этномәдени бірлестік өкілдері үлкен тебіреніспен қабылдады. Этномәдени бірлестік құрылғалы бері Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жұмыс істеп келеміз.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміз тұрақты дамыды. Бейбітшілік пен татулық салтанат құрып, халықтың саны өсті. Жеткен жетістерімізді бір ғана сюжетке сыйғызу мүмкін емес. Белгілі. Ең бастысы Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін халық біледі. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы