380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы орталық көшеге Елбасының есімі беріледі

  • 190
  • UPD: 23:26, 20.03.2019

Павлодардағы орталық көшелердің біріне де Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – қалаға кіре берістен әуежайға дейін созылып жатқан Ертіс өңіріндегі ең ұзын көше. Бойында «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық - драма театры, Мәшһүр Жүсіп мешіті секілді көрікті ғимараттар мен мекемелер орналасқан. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Тәуелсіздік даңғылын өзгерту туралы ұсынысты облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынған еді. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Бақытжамал Максилова, ҚХА облыстық филиалы жанындағы  «Нұр Ана» ҚБ төрайымы:

– Қай жерге барсақ та, Нұрсұлтан Назарбаевты бірден танып жатады. Павлодар облысындағы ең ұзын көшеге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын беріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы