384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі Астана даңғылын Н.Назарбаевтың есімімен атау ұсынылды

  • 868
  • UPD: 23:24, 20.03.2019

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті мәслихат депутаттарына шаһардағы Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы кезектен тыс 46-сессияда белгілі болды. Депутаттар Тұңғыш Президенттің елге сіңірген өлшеусіз еңбегін атап, қала басшысының бұл ұсынысын бірауыздан қолдады. Бұл даңғыл Шымкенттің басты көшесі саналады. Онда қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан. Енді көше атауын өзгертуге арналған құжат Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі:

– Бұл бұрын Астана даңғылы болған. Енді мұны біз депутаттарға Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы етуді ұсындық. Әрине халық қалаулылары бірауыздан келісімге келіп, дауыс берді. Енді бұл даңғыл Елбасы есімімен аталатын болады. Маңызды үлкен көшені таңдадық. Барлық талапқа сай дер едім.

Хабар 24 телеарнасы