377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақ аруы – 2019» байқауының толық теленұсқасы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

  • 757
  • UPD: 00:58, 21.03.2019

Астанада «Қазақ аруы – 2019» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәсекеге 600-ден аса бойжеткен қатысуға ниет танытқан. Олардың арасынан 18-і іріктеп алынып, соңғы сынға жолдама алды.

«Қазақ аруы» байқауы биыл 9 жыл қатарынан ұйымдастырылды және осы аралықта ол кеңінен танылып, өзіндік брендке айналып үлгерді. Сәйкесінше, қатысушылар арасындағы бәсекеде де жоғары. Осыған орай биыл ұйымдастырушылар талапты одан сайын күшейте түскен.

Арман Сейітмамыт, қазылар алқасының мүшесі:

– Жыл сайынғы талап бұл – қыз баланың тек сыртқы сұлулығы ғана емес, ішкі жан-дүниесінің бай болуы. Қазақ елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білу және ең бастысы қазақ тілін жетік білу.

Бұған қоса, қыздардың бойы 170 сантиметрден кем емес, ал жасы 22-ден жоғары болмау керек. Осы талаптарға сай келетін 18 ару іріктеліп алынған болатын. Олар шешуші сында 4 кезең бойынша өнер көрсетіп, жыл үздігін анықтады. Нәтижесінде Алтын тәж Павлодар облысының намысын қорғаған Сәния Темірxановаға бұйырды. Ол шығармашылық кезеңде Абай өлеңдерін жатқа оқып, сұлулық пен парасаттың жарқын үлгісін көрсетті.

Баян Алагөзова, байқаудың бас продюсері:

– «Қазақ аруы» деген атаққа лайықты қыздың ақылы көркіне сай болуы керек. Біз осыған байланысты талаптарды күшейттік. Кейін сол арудың басқаларға үлгі болғанын қалаймыз.

«Хабар» агенттігі дәстүр бойынша осы шараға бас ақпараттық демеуші болды. Сайыстың толық теленұсқасын 23 наурыз күні сағат 22:00-де «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы