379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділет министрі: Елорда тұрғындарына құжаттарын жедел түрде ауыстырудың қажеті жоқ

  • 433
Әділет министрі: Елорда тұрғындарына құжаттарын жедел түрде ауыстырудың қажеті жоқ

Елорданың аты «Нұрсұлтан» деп ауыстырылуына байланысты қала тұрғындарына құжаттарын шұғыл түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Бұл туралы еліміздің Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

«Қала атауларының өзгеруі тарихта жиі кездеседі. Бірақ барлығы өз уақытымен біртіндеп өзгереді. Қала атауының ауысуы, ондағы жазулар мен атауларды бір түн ішінде өзгерту керек дегенді білдірмейді. Тұрғындарға жеке басты куәландыратын құжаттарды, мысалы туу туралы куәлік, дипломдар, жүргізуші куәліктерін жедел түрде ауыстырудың қажеті жоқ. Олар жарамдылық мерзімі аяқталғанда рет-ретімен өзгеретін болады», – деп жазды.

Хабар 24 телеарнасы