378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы Мир көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі

  • 197
  • UPD: 00:41, 21.03.2019

Петропавлдық қоғамдық кеңес мүшелері қаланың орталық әрі ең ұзын Мир көшесін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды жөн көреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай ұсыныс берген. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланып, депутаттар тарапынан бір ауыздан мақұлданды. Енді ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді.

Павел Афанасьев, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Қаламыз күн санап дамуда. Ал бұл көше қаланың барлық бөлігін байланыстырады. Оның үстіне «Жас Өркен» ауданында құрылыс қарқын алды. Сондықтан ол Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алса, құба құп.

Хабар 24 телеарнасы